Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таныс әйелді құттықтап барған астаналық азаматтың қылмысы әшкереленді

Опубликовано:

Смарт сағат
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтан тұрғыны мереке қарсаңында танысын үйіне құттықтай барып, қымбат сағатын ұрлап кетті деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Полицейлер жедел іздестіру шарасын жүргізу нәтижесінде қымбат смарт-сағатты ұрлады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Ер адам танысының үйіне қонаққа барғаннан кейін, әйелдің үйіндегі сағат жоғалып кетеді. Күдікті ретінде ұсталған азамат кетерінде үстел үстінде тұрған Apple Watch сағатын алып кетіп, кейіннен оны ломбардқа өткізгені анықталып отыр. Қолды болған затты полицейлер тәркілеп, иесіне қайтарып берді.

Бүгінде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өзінің заңсыз әрекетін мойындап отыр. Тәртіп сақшылары оның өзге де қылмысқа қатыстылығын тексеруде.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында көршісінің үйінен электрондық күбі ұрлаған ер адам ұятқа қалғанын жазған едік. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жетісай‌ ‌аудандық полиция бөліміне ‌жергілікті‌ ‌тұрғын‌ ‌әйел‌ ‌арызданып‌ ‌келген.‌ ‌Ол ‌белгісіз‌ ‌біреу‌ ‌түнгі‌ ‌уақытта‌ ‌ауласына‌ ‌кіріп,‌ ‌асханасында‌ ‌тұрған‌ ‌электрондық‌ ‌күбісін‌ ‌ұрлап кеткенін айтқан.

Тәртіп сақшылары көп ұзамай күдікті ер адамды қолға түсіріп, "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902410-aieldi-mereke-qarsanynda-quttyqtap-bargan-elordalyq-azamattyn-qylmysy-askerelendi/

pixel