Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

Опубликовано:

Үшем
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында үшем дүниеге келді деп хабарлайды otyrar.kz сайты.

Сарыағаш ауданынының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында үш қызды дүниеге әкелген. Мерзімінен ерте туылған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды

Бүгінде нәрестелер №1 Облыстық перинаталдық орталығындағы дәрігерлердің бақылауында.

"Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұл мен екі қызым асыға күтуде. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда, ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс", – дейді ана.

Дүние есігін енді ашқан сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.

Дәрігерлердің біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, аналары оларды бауырына баса алды.

Жеті жарым айлық болып өмірге келген шақалақтардың өкпесі дұрыс дамымай, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетсек, жыл басынан бері орталықта 1571 бала дүниеге келген. Олардың 38-і егіз болса, екеуі үшем.

Еске салсақ, бұған дейін .Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны екі ұл және бір қызды дүниеге әкелгенін жазған едік.

Ақ халаттылардың мәліметінше, келіншек мерзімінен бұрын босанған. Салмағы екі келіден сәл асатын екі ұл және салмағы бір келі 600 грамм болған бір қыз дүниеге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902413-turkistan-oblysynda-mereke-qarsanynda-usem-duniege-keldi/

pixel