Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан шықты
Опубликовано:

9 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы жарияланды деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бір тәулік ішінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай қатты өзгерген жоқ.
- "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр.
"Қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.
Қазақстанның өзі "сарыдан" "жасылға" ауысты.
Еске салсақ, кеше, 8 наурызда республика "сары" аймақта болған еді.
Өткен тәулікте елде 571 адамнан коронавирус анықталды.
Осылайша, республикада жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 219 325 жетті. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында -25775(+61),
Алматы қаласында - 26114(+118),
Шығыс Қазақстан облысында - 22333(+18),
Атырау облысында - 17468(+27),
Павлодар облысында - 18202(+63),
Қарағанды облысында - 15784(+35),
Ақмола облысында - 14174(+72),
Батыс Қазақстан облысында – 13465(+39),
Солтүстік Қазақстан облысында - 12606(+24),
Қостанай облысында - 12825(+50),
Алматы облысында - 11294(+38),
Шымкент қаласында -6290(+0),
Жамбыл облысында - 6072(+17),
Түркістан облысында - 4331(+3),
Маңғыстау облысында - 4285(+3),
Ақтөбе облысында -4404(+3),
Қызылорда облысында -3903(+0).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902457-qazaqstan-koronavirustyn-taraluy-boiynsa-sary-aimaqtan-syqty/