Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда стоматологиялық клиниканы тонап кетті

Опубликовано:

Полиция1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтауда пышақпен қаруланған ер адам кассирді қорқытып, 200 мың теңгені алып кеткен деп жазады Хабар 24 арнасы.

Бұл оқиғаға 30 жастағы жергілікті тұрғынның қатысы бар болып шықты. Ол дереу ұсталып, жасаған қылмысын мойындады. Қазір қылмыстық кодекстің 192-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан тұрғыны мереке қарсаңында танысын үйіне құттықтай барып, қымбат сағатын ұрлап кетті.

Полицейлер жедел іздестіру шарасын жүргізу нәтижесінде қымбат смарт-сағатты ұрлады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ер адам танысының үйіне қонаққа барғаннан кейін, әйелдің үйіндегі сағат жоғалып кетеді.

Күдікті ретінде ұсталған азамат кетерінде үстел үстінде тұрған Apple Watch сағатын алып кетіп, кейіннен оны ломбардқа өткізгені анықталып отыр. Қолды болған затты полицейлер тәркілеп, иесіне қайтарып берді. Бүгінде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өзінің заңсыз әрекетін мойындап отыр.

Тәртіп сақшылары оның өзге де қылмысқа қатыстылығын тексеруде.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында көршісінің үйінен электрондық күбі ұрлаған ер адам ұятқа қалғанын жазған едік. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1902466-aqtauda-stomatologiyalyq-klinikany-tonap-ketti/

pixel