Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан интернеттің жылдамдығы бойынша әлемде нешінші орында тұр

Опубликовано:

Ғаламтор алаяқ1
Көрнекі фото: pxhere.com

2021 жылдың қаңтар айындағы мобильді интернеттің жылдамдығы бойынша әлем елдерінің рейтингінде Біріккен Араб Әмірліктері бірінші орында тұр деп жазады ranking.kz.

Басылым мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінде интернеттің жылдамдығы секундына 183,03 мегабитті құрайды.

Үздік бестікке Оңтүстік Корея, Қатар, Қытай және Сауд Арабиясының кіргені белгілі болды.

Ал Қазақстан өз кезегінде позициясын 3 сатыға жақсартып, әлем бойынша 103-орынға жайғасқан.

Сонымен қатар еліміз рейтингтегі өсу деңгейі бойынша үздік жиырма бес елдің қатарына енді.

Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы бір жыл ішінде 6,6 пайызға өсіп, секундына 20,15 мегабитке дейін жетті.

Қазіргі кезде Қазақстан мен Қырғызстан интернет жылдамдығы бойынша Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болып табылады.

Айта кетсек, интернетке қолжетімді ұялы байланыс абоненттерінің саны елімізде 16 миллионға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8 пайыз көп.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстан коммуналдық төлемнің арзандығы тұрғысынан Өзбекстаннан қалып қойғанын жазған едік.

Ал аталмыш қызметтің қолжетімділігі тұрғысынан 53-ші орында тұрақтады. Орта есеппен тұрғындардың 21 мың теңгесі коммуналдық төлемге кетеді екен.

Коммуналдық төлемнің арзандығы бойынша рейтингтің көшін Кувейт, Швеция мен Катар бастап тұр. Бұл елдерде тұрғындар айлығының тек үш пайызын ғана коммуналдық төлемге шығындайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902483-qazaqstan-internettin-zyldamdygy-boiynsa-alemde-nesinsi-orynda-tur/

pixel