Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде "зорландым" деген 20 жастағы арудың өзі сотталып кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбе облысында Алға ауданының 20 жастағы тұрғыны зорланғаны туралы жалған ақпарат бергені үшін сотталды деп хабарлады Диапазон

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, 20 жастағы жергілікті тұрғын полицияға арызданған. Ол тәртіп сақшыларынан өзін зорлаған танысын жауапқа тартуды сұраған. Алайда тергеу кезінде ер адамның оны зорламағаны анықталды.

Осылайша, қасақана жалған ақпарат бергені үшін "жәбірленушіге" қылмыстық іс қозғалды.

Сот шешімімен 20 жастағы ару 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған жергілікті тұрғын 3 жастағы қыз тәрбиелеп отыр, сол себепті сот жазаны 5 жылға кейінге қалдырған.

Осыған ұқсас жағдай Алматы облысында да орын алды.

Белгілі болғандай, өткен жылы 11 қарашада Талғар аудандық соты Қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігі бойынша 31 жастағы аудан тұрғынын ауыр қылмыс жасады деген айыппен көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сотталушы бұған дейін де осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғандықтан, қоғамнан оқшаулау түріндегі қатаң үкім шығарылды.

Еске салсақ, бұған дейін сәбиін баласы жоқ қайын ағасы тартып алғанын айтқан әйелдің жазбасы тексерілгенін жазған едік.

Одан бөлек, үйінде жалғыз қалған алты жасар бала қорыққаннан полиция шақыртқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902485-aqtobede-zorlandym-degen-20-zastagy-arudyn-ozi-sottalyp-ketti/

pixel