Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ер адам полцияның талабына бағынбай оған күш көрсеткен

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Шымкентте алкогольді сусын тұтынған ер адам полиция қызметкеріне бағынбай, мектеп оқушыларына қауіп төндірді деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 5 наурызда Шымкент қаласы полиция департаментінің Қаратау аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторы № 92 мектептің алдында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз міндетін атқарып тұрған.

Сол кезде "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың алдына көлігін қойып, оқушыларға қауіп төндірген.

Бұны байқаған тәртіп сақшысы жүргізушіге көлігін басқа жерге қоюды сұрап, бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ жүргізуші полиция қызметкерінің талабына бағынбай, досын көмекке шақырған. Олар құқық қорғау саласының маманына қарсылық көрсетіп, балағат сөздер айтып, күш қолданған.

Нәтижесінде 1989 жылы туған және 1982 жылғы полицияға жеткізілген. Олар Сайрам елді мекенінің тұрғыны болып шыққан.

Ал медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жүргізуші орта дәрежеде, ал оның досы жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталған.

Полиция қызметкерлері тексеріс қортындысына сәйкес алдағы уақытта бұл жағдайға қатысты құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында көлік тізгініне мас күйінде отырған ер адам төрт мектеп оқушысын қағып кеткен еді.

Полицияның мәліметінше, ол орташа деңгейде мас болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902491-symkenttik-zigit-policiyanyn-talabyna-bagynbai-ogan-kus-korsetken/

pixel