Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында автобуспен соқтығысқан көлік жүргізушісі қайтыс болды (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: instagram.com/kris_p_talgar

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатына түскен көліктің видеосы жарияланды. Болған жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде адам өліміне әкеп соққан жол апатының Талғар-Ақбұлақ жолында болғаны айтылған.

"1980 жылы туған ер адам көз жұмды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Автокөліктерде жолаушылар болмаған", - делінген жазбада.

Бұл жайтқа қатысты Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство жол апатының 9 наурыз күні Талғар-Ақбұлақ жолында сағат 08.00 шамасында болғанын хабарлады.

Алдын-ала мәліметтер бойынша Mitsubishi Galant жүргізушісі "ПАЗ-3206" автобусына жол бермеген. Салдарынан екеуі соқтығысқан.

Оқиға орнында алған жарақаттарынан Mitsubishi Galant көлігінің 41 жастағы жүргізушісі қайтыс болған. Басқа зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

"Аталмыш факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінге тергеу басталды", - деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда автобустың қатысуымен болған жол апатынан үш адам қаза тапқан еді.

Жол көлік оқиғасы Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы елді мекенінен отыз шақырым жерде болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алдын-ала болжам бойынша жол апатына 34 жастағы "ГАЗель" жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902502-almaty-oblysynda-avtobuspen-soqtygysqan-kolik-zurgizusisi-qaitys-boldy-video/

pixel