Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзендегі өрттің видеосы қазақстандықтардың қызу талқысына түсті

Опубликовано:

Қызыл жалын
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар өзендегі өрттің видеосын талқылап жатыр. Бейнежазбада өрттің мұнай құбырындағы апаттан кейін шыққаны айтылған. Дегенмен stopfake.kz видеоның біздің елге еш қатысы жоқ екенін анықтаған.

Ролик @osa_uka_vko Instagram парақшасында жарияланған. Осыдан кейін желі қолданушылары төтенше жағдай Қазақстанда болды деп ойлап қалған.

Алайда видеоның біздің елге еш қатысы жоқ. Stopfake.kz-тің жазуынша, шын мәнісінде, желідегі парақшада видеоның қысқартылған нұсқасы жарияланған.

Ал түпнұсқада автор "Өзен өртеніп жатыр" дегеннен кейін "Обь" деп нақтылап өтеді.

Алайда қазақстандық парақшаның әкімшілері оқырмандарын қызықтыру үшін роликтің осы бөлігін қиып тастаған екен.

"7 наурызда Обь өзенінің Нижневартовск маңындағы бөлігінде өрт шыққан. Тілсіз жау жер асты мұнай құбырындағы апат салдарынан туындаған. Оқиғаны сол жерде жүрген балықшылар түсіріп алған. Қатты күйік шалған куәгерлердің бірі ауруханаға түсті. БАҚ-тың хабарлауынша, өзенге 700 тонна мұнай өнімдері төгілген.

Қазіргі кезде тергеу комитеті мен Нижневартовск қалалық прокуратурасы төтенше жағдайды тергеуде. Қорыта айтқанда, бұл роликтің Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ", - дейді басылым.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтар бірнеше адам қаза болған видеоны таратқан болатын. Роликте оқиғаны Нұр-Сұлтан қаласында болғаны айтылған.

Алайда оқыс оқиға Боливияның Эль-Альто университетінде болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1902515-ozendegi-orttin-videosy-qazaqstandyqtardyn-qyzu-talqysyna-tusti/

pixel