RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 220 мыңнан асты

Зертхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 693 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 143

Алматы қаласы - 160

Шымкент қаласы - 2

Ақмола облысы - 66

Ақтөбе облысы - 6

Алматы облысы - 28

Атырау облысы - 40

Шығыс Қазақстан облысы - 9

Жамбыл облысы - 1

Батыс Қазақстан облысы - 57

Қарағанды облысы - 51

Қостанай облысы - 49

Қызылорда облысы - 3

Маңғыстау облысы - 3

Павлодар облысы - 56

Солтүстік Қазақстан облысы - 16

Түркістан облысы - 3.

Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 220 018-ге жетіп отыр.

Еске сала кетсек, 9 наурыздағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстан "сары" аймақтан шықты.

Сонымен бірге Қазнетте оңтүстік астананың әуежайына ПТР анықтамасыз ұшып келген азаматтарды орналастыру орны мен көлік құралдарының дайын болмауына байланысты бірнеше сағат бойы әуежай аумағында ұстады деген жаңалық пайда болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әуежайда жолаушылардың бірнеше сағат күтуіне тура келгенін растады.

Олар бұның себебін сол түні ұшып келген жолаушылар санын көптігімен байланыстырды. Яғни адамның көптігінен жеткізу қызметінде мәселелер туындаған.

Сондықтан комитет елге оралмас бұрын ПТР тестіден өтіп, отандастарымыздың өміріне қауіп төндірмеуді сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902594-otken-taulikte-elimizde-693-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/