Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Нұр-Сұлтан мен Алматы қайтадан "қызыл" аймаққа оралды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қайтадан "қызыл" аймаққа енді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы хабарлады.

10 наурыздағы эпидемиологиялық ахуал бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары "қызыл" аймаққа енді.

Сонымен бірге Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары "сары" аймақта тұр.

Ал қалған өңірлер "жасыл" аймақта.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте 693 адамнан коронавирус анықталды. Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында.

Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 220 018-ге жетіп отыр.

Айта кетсек, 9 наурыздағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстан "сары" аймақтан шыққан болатын.

Сонымен бірге Қазнетте оңтүстік астананың әуежайына ПТР анықтамасыз ұшып келген азаматтарды орналастыру орны мен көлік құралдарының дайын болмауына байланысты бірнеше сағат бойы әуежай аумағында ұстады деген жаңалық пайда болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әуежайда жолаушылардың бірнеше сағат күтуіне тура келгенін растады.

Олар бұның себебін сол түні ұшып келген жолаушылар санын көптігімен байланыстырды. Яғни адамның көптігінен жеткізу қызметінде мәселелер туындаған.

Сондықтан комитет елге оралмас бұрын ПТР тестіден өтіп, отандастарымыздың өміріне қауіп төндірмеуді сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902616-nur-sultan-zane-almaty-qalalary-koronavirus-boiynsa-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel