Түркіменстанда елдің ең әдемі студентін анықтады
Опубликовано:

Түркіменстан астанасы Ашхабадта елдің ең әдемі студент қызын анықтады. Бұл туралы Turkmenportal хабарлайды.
Ашхабадтағы қоғамдық ұйым орталығында жыл сайын ұйымдастырылатын "Талып гозели" байқауының финалы өткен. Іс-шараны Білім министрлігі, Махтумкули атындағы жастар ұйымы мен Түркіменстан әйелдер одағы Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырған.

Соңғы кезеңде қатысушылар интеллектуалдық және коммуникативтік қабілеттерін көрсетіп, ән, би, өлең оқуы, сондай-ақ аспазшылық өнері бойынша сынға түскен.

Байқау қортындысы бойынша "2021 жылдың ең әдемі студенті" атағын Махтумкули атындағы Түркімен мемлекеттік университетінің түркімен тілі және әдебиеті факультетінің 4 курс студенті Гүлназ Атаева жеңіп алған.

Байқау жеңімпаздарына құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталған.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік Анджелина Мишель әлемнің ең әдемі қызғылт сары шашты қызы атанғанын жазған едік. Оның пропорциясы алтынмен теңестірілгендіктен, бет-әлпеті мінсіз деп танылған.
Анджелина Мишель Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында өмірге келген. Оңтүстік Федералды университетінде білім алып, өзін модель ретінде дамыта бастаған. Оның асқан танымалдылыққа ие болуына Instagram әлеуметтік желісі көп септігін тигізген.
Сонымен бірге, 23 жасында 11 баланы тәрбиелеп отырған ресейлік келіншек туралы хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902623-turkimenstanda-eldin-en-ademi-studentin-anyqtady/