Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландта премьер-министр өзіне сауал қойған журналистерге антисептик шашты

Опубликовано:

премьер17
Фото: headtopics.com

Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча баспасөз конференциясы кезінде журналистерге антипсептик шашып жіберді деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Басылымның жазуынша, премьер-министрге министрлер кабинетіндегі ауыс-түйістер туралы сауал қойылған. Алайда БАҚ өкілінің қойған сұрағы үкімет басшысының қытығына тисе керек.

Ол алдыңғы қатарда отырған журналистерге залалсыздандыратын құралды шашып шыққан. Осылайша Прают Чан-Оча БАҚ өкілдеріне өз істерімен айналысуға кеңес берген.

Нead topics басылымының жазуынша, шенеунік өзінің ақылға қонымсыз әрекеттерімен танымал.

Бұған дейін журналистермен сөйлесу кезінде Прают Чан-Оча тілшілердің бірінің құлағынан ұстап, тіпті операторлардың біріне бананның қабығын да лақтырған екен.

Айта кетсек, бұрын әскер қолбасшысы болған Прают Чан-Оча 2014 жылы төңкеріс кезінде үкіметті орнынан тайдырған.

2019 жылы наурызда өткен парламенттік сайлаудан кейін өзі үкімет басшысы болып тағайындалды.

Еске сала кетсек, қырғыз депутаты Тазабек Икрамов антисептикті бетіне дейін шашамын деп көпшіліктің көңілін көтерген еді.

Бұл жайта Бішкекте өткен Жогорку Кеңештің кезектен тыс отырысында болған. Оның неліктен бұлай жасағаны түсініксіз. Бұл сәтті журналистер камераға түсіріп алған.

Сонымен қатар Үндістанда алаңғасар шенеунік жиында судың орнына санитайзер ішіп қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902654-tailandta-premer-ministr-ozine-saual-qoigan-zurnalisterge-antiseptik-sasty-video/

pixel