Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттар азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынды

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі фото: pixabay.com

Депутат Александр Милютин палатаның жалпы отырысында ынтымақты зейнетақы жүйесіне оралып, зейнетке шығу жасын қайта қарастыруды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Александр Милютиннің айтуынша, ынтымақты зейнетақы жүйесі бір зейнеткерге төрт жұмыс істейтін адам тең келген кезде үйлесімді әрі табысты қызмет етеді.

"Егер ресми статистикаға жүгінетін болсақ, онда Қазақстанда қазір 8,7 миллион азамат жұмыс істейді. Ал бұл сан зейнет жасындағы адамдар санынан 4 еседей артық. Сол себепті сізден 1998 жылы Қазақстан бас тартқан ынтымақты зейнетақы жүйесін қайтару мәселесін талқылауға оралуды сұраймыз", - дейді Милютин үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында.

Сонымен бірге ол еңбек өтіліне сәйкес азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарастыруды сұрады. Оның сөзінше, заң бойынша бізде тек күш құрылымдары қызметкерлері ғана зейнетке ерте шыға алады. Алайда бұл 60 жасқа дейін кәсіби біліктілігін жоғалтатын кеншілер, металлургтер, өнер адамдары (балериналар) үшін әділетсіз.

Милютиннің пікірінше, зейнетақы заңнамасы белгілі бір қызмет саласына тәуелділігіне байланысты азаматтардың әртүрлі санаттарына қатысты кемсітушілік болмауы керек және еңбек жағдайларының күрделілігін бірдей ескеруі керек.

Еске сала кетсек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 сәуірден бастап ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесінің өзгеретінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902673-deputattar-azamattardyn-zeinetke-sygu-zasyn-qaita-qaraudy-tagy-da-usyndy/

pixel