"Несиені айыппұл төлеу үшін алуға мәжбүр": Депутат мониторингтік топтардың жұмысын сынға алды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Депутат Азат Перуашев мониторингтік топтардың әрекетін сынға алды. Мұндай топтар карантиндік шараларды кәсіпкерлердің қалай сақтайтынын қадағалайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азат Перуашев бұған дейін "Ақ жол" фракциясының депутаттары үкіметке мониторингтік топтардың кәсіпкерлерге қарсы "қысымына" байланысты бірнеше рет жүгінгенін еске салды.

Оның айтуынша, кәсіпкер өз мәселесін айтып, "Ақ жолға" жүгінген, оның Теміртау қаласындағы шағын дүкенін бір ай ішінде мониторлық топ 18 рет тексеріс жасаған.

Сонымен қатар, ол жақында Алматы облысы Текелі қаласында болған оқиғалар туралы еске салды. Базарда көкөніс сатумен айналысатын төрт кішкентай баланың анасы, кәсіпкер Дина Қашқанованы полиция мен әкімдіктің бір топ практиканттары бетпердесі дұрыс тағылмаған оны суретке түсірген Бұл үшін оған күнделікті табысы 5 мың теңгені құрайтынына қарамастан 670 мың теңге айыппұл салынған.

"Айыппұлды төлеу үшін адам алты ай жұмыс істеуі керек және осы уақыт ішінде тамақ ішпеуі керек, коммуналдық төлемдерді төлемеуі керек, балаларды тамақтандырмауы қажет және киіндірмеуі керек екен. Әлеуметтік желілердегі блогерлердің арқасында оқиға аймақта және қоғамда наразылық туғызған соң айыппұлдың күші жойылды. Мұндай мысалдар көп.

Мониторингтік топтар мұндай әрекеттерімен пандемиядан әрең дегенде аман қалған кәсіпкерлерге "соққы" болып қана қоймай, қоғамдағы бейбітшілікке қауіп төндіріп отыр деп ойлаймыз. Еске салайық, 2011 жылы араб елдеріндегі бірқатар тәртіпсіздік пен азаматтық соғыстар бақылаушылар Тунистегі базардағы кәсіпкердің жеміс-жидек сататын жалғыз дүкенін тартып алғаннан басталды.

Біздің ШОБ бүгінде дүкенін тартып алып қана қоймай, шынымен де үмітсіздікке итермелеп отыр. Несиені бизнес үшін емес, айыппұл төлеуге алуға мәжбүр ететін бұл не қылған "қисық айна экономикасы?", – деді Перуашев.

Оның айтуынша, байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық өте аз дамыған елдердің өзінде айыппұл мөлшері қылмыскердің жеке кірісіне байланысты.

Осыған байланысты депутат мониторинг топтарының мақсатсыздығы туралы мәселені қарауды ұсынды.

Ол сондай-ақ жеке тұлғалардың кез келген әкімшілік айыппұлдарының азаматтардың жеке кірістерімен байланысын енгізуді ұсынды, мұндай айыппұл мөлшері белгілі бір адамның немесе нақты бір жеке кәсіпкердің айлық жалақысының 2-3%-дан, ең көп дегенде 5%-дан аспайтындығына кепілдік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902720-nesieni-aiyppul-toleu-usin-aluga-mazbur-deputat-monitoringtik-toptardyn-zumysyn-synga-aldy/