Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зағипа Балиева жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Зағипа Балиева Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу институтының проректоры қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл ақпаратты оқу орнының ректоры Тілектес Есполов растап отыр.

"Ректорлар кеңесінің отырысы болды. Жиын барысында Зағипа Балиева университеттің стратегиялық даму және инфрақұрылым, цифрландыру жөніндегі проректоры болып тағайындалды. Жұмысқа бүгін кірісті", - деді Тілектес Есполов.

Оның сөзінше, Зағипа Балиева мәжіліс депутаты болған кезде университетке қолдау көрсетіп, өзекті мәселелерді көтерген.

Сонымен қатар Тілектес Есполов Зағипа Балиева кешеден бері университетте жүргенін тілге тиек етті. 

Айта кетейік, Зағипа Балиева 1958 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында өмірге келген. Киров атындағы мемлекеттік университетті заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Орталық сайлау комиссиясының төрайымы, Қазақстанның әділет министрі, ҚР парламент мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, осыған дейін олимпиада жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің басшылық қызметке тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902732-zagipa-balieva-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel