RU

Алматыдағы арнайы операция видеоға түсіп қалды

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: t.me/kozachkow/2140

Куәгерлер күдіктілердің дәл жолда ұсталған сәтін видеоға түсіріп алған. Алматы полиция департаменті бұл видеоға түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәл Алматыға барар жолда түсірілген кадрлар журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында пайда болды.

Кадрлардан формадағы адамдар көлікті тоқтатып, бірнеше адамды ұстағанын көруге болады. Авторлар арнайы операцияны есірткімен байланысты қылмысқа қарсы қызмет жүргізді деген болжам жасады.

Қаланың полиция департаменті шынымен де Алматыда есірткімен байланысты қылмыспен күресу үшін арнайы операция жүргізілгенін хабарлады. Екі адам ұсталды. Арнайы операцияның егжей-тегжейі туралы кейінірек хабарланатын болды.

Еске салсақ, оңтүстік астанада есірткі саудасымен айналысқан азамат ұсталды. Күдікті гашишты тікелей үйінен сатқан.

Бес грамды құрайтын гашиш дозасы 3000 теңгеге сатылған. Есірткі сатушының тұрғылықты жерін тексеру кезінде 189,46 грамм гашиш табылды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда көлік тонаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері құрықталғанын хабарлаған болатынбыз. Оңтүстік астананың полицейлері үш күдіктіні қолға түсірді.

Олардың қылмыстық әрекеттерін түнгі немесе кешкі уақытта жасағаны анықталды. Іс материалдары бойынша бір жәбірленушінің көлігінен шамамен бір миллион теңге қолды болған. Оқиғаға қатысты Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902735-almatydagy-arnaiy-operaciya-videoga-tusip-qaldy/