RU

Алматыда Наурыз мерекесі тойланбайтын болды

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астана аумағындағы шектеу шараларын күшейтуге бағытталған жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайты хабарлады.

Құжатта бас санитар дәрігері жаппай шараларды өткізуге тыйым салған. Жеке тармақта көктемгі Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу жазылған.

Сондай-ақ, 2021 жылы 20 наурыздан 24 наурызға дейін Алматыға қала/облысаралық тұрақты автобустар (шағын автобустар) қозғалысы шектеледі. Бекшин әлі қызметі қайта жаңармаған нысандардың жұмысына да тыйым салды. Бұл - бильярдтар, караоке мен боулинг орталықтар, компьютерлік клубтар мен батут, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото мен ойын клубтары, ойын алаңдары мен жабық үй-жайлардағы аттракциондар, оның ішінде спорттық нысандарда орналасқандардан басқа мұз айдындары.

Бұл тыйым Ashyq қосымшасын пилоттық іске қосуға қатысатын мекемелерге қолданылмайды. Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902754-almatyda-nauryz-merekesi-toilanbaityn-boldy/