RU

Қазақстанда коронавирус пен пневмония құрбандарының саны көбейді

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады жазады KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай, оның ішінде 9 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмған.

11 наурыздағы мәлімет бойынша, бүгінде 18 432 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 4 570 пациент стационарда, 13 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

Жалпы науқастар арасында 231 адамның жағдайы ауыр, 47 науқастың жағдайы өте ауыр. 37 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар, айта кетейік, өткен тәулікте 752 адамнан коронавирус табылып, 48 адам пневмонияға шалдықты. 

Белгілі болғандай, мемлекет аумағында COVID-19 вирусын бір жыл ішінде 220 770 адам жұқтырып алған. Қауіпті дерт салдарынан республика бойынша 2 830 адам қайтыс болды.

2020 жылдың 1 тамызынан бері 49 629 адам пневмонияға шалдықты, 650 адам қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902806-elimizde-koronavirus-pen-pnevmoniya-qurbandarynyn-sany-kobeidi/