RU

Финляндиялық ғалымдар ауадан тамақ жасап шығарды

Ғалымдар ауадан тамақ жасады
Фото: Хабар 24

Финляндиялық ғалымдар солеин деп аталатын ауадан жасалған тамақ жасап шығарды деп хабарлайды Хабар 24.

Басылымның мәліметінше, солеин аталатын тағам 65 процент ақуыздан тұратын сары ұн.

Мұны жасау үшін көмірқышқыл газ, микробтар, су, қоректік заттар, витаминдер, электр және шағын биореактор қажет.

Осындай қоспалардан дайындалған тағамды нан немесе өзге де тамақтарға қосып жеуге болады екен.

Ғалымдардың айтуынша, бұл ет пен сүтті алмастырып ғана қоймай қоршаған ортаны тазартуға да көмектеседі. Ең бастысы, солеинды далада жер жыртып, дән егіп емес зертханада жасап шығара беруге болады.

Жергілікті билік стартапқа көп үміт артып, 5 миллион доллар көмек қаржы бөлді.

Еске сала кетсек, Америка ғалымдары жаңғақ жеп жүрген адамның жүрек және қан тамыры ауруларына жиі шалдықпайтынын айтқан еді. Әсіресе 50 жастан асқан егде адамдар үшін бұл дән аса қажет көрінеді.

Зерттеу қорытындысы Journal of the American Heart Association журналында жарық көрді.

Ғалымдар өсімдік тектес ақуыздың адам ағзасына әсері мен пайдасын анықтау үшін 50-79 жастағы 100 мың әйелдің дерегін салыстырған. Ол деректерді 1993-1998 жылдары Women's Health Initiative ұлттық зерттеуінен алған.

Сонымен бірге, Ұлыбритания ұлттық денсаулық сақтау қызметі үрей мен мазасыздық жүрек ұстамасы симптомдары екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902809-finlyandiyalyq-galymdar-auadan-tamaq-zasap-sygardy/