Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік депутат өзінің люкс сападағы киімдерін сатылымға шығарды

Опубликовано:

Юлия Романчева
Юлия Романчева: instagram.com/romancheva.yuliya

Ресейлік депутат люкс сападағы киімдерін миллион рубльге сататынын хабарлады. Мұндай ақпарат оның Instagram парақшасында пайда болған.

Уфа қалалық кеңесінің депутаты Юлия Романчева өзінің қымбат заттарын, аяқ киімдері мен аксессуарларын сатуға шешім қабылдаған. Сатылымға қойылған заттар Gucci, Versace, Dolce & Gabbana, Valentino және Burberry сынды брендтерге тиесілі.

Осы үшін депутат әлеуметтік желіде арнайы парақша ашып, сол жерде тауарларның фотосын жария еткен.

Мәселен, Donnavventura бренднің күрткесі, жеңіл күрткесі, орамалы, аяқ киімі, сөмкесі мен белдігі 130 мың рубльге (738 мың теңге шамасында) бағаланған.

Сонымен бірге Dolce & Gabbana брендінің спорттық аяқ киімінің құны 29 мың рубль (164 мың теңге шамасында), ал Salvatore Ferragamo брендіне шығарған көйлектің бағасы 150 мың рубль (852 мың теңге шамасында) деп белгіленген.

Сатылымға шығарылған тауарлардың жалпы сомасы миллион рубльден асады.

Романчеваның сөзінше, сатылымнан түскен қаражаттың бәрі қайырымдылыққа жұмсалады. Оның Instagram дүкеніне 19 мыңнан астам адам жазылған.

Еске сала кетсек, Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча баспасөз конференциясы кезінде журналистерге антипсептик шашып жіберген еді.

Премьер-министрге министрлер кабинетіндегі ауыс-түйістер туралы сауал қойылған. Алайда БАҚ өкілінің қойған сұрағы үкімет басшысының қытығына тисе керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902818-reseilik-deputat-ozinin-lyuks-sapadagy-kiimderin-satylymga-sygardy/

pixel