RU

Жазаға тартылған: Қостанайда полицей өлтірген ер адам туралы деректер шықты

Ермек Омаров
Ермек Омаров. Фото: ok.ru

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі полицеймен жанжалдасқаннан кейін көз жұмған ер адам туралы не белгілі екенін айтты. Оның бұған дейін қылмыстық жазаға тартылғаны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетсек, Қостанайда полицей 37 жастағы ер адамды атып өлтірді деген күдікке ілінген еді.

Полицейдің қолынан өлген ер адам оның сыныптасы Ермек Омаров екен. Ол жеке кабинетте стамотолог болған.

Ресми журналистік сауалған жауап берген өңірлік полиция департаменті марқұмның қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын және пробациялық бақылауда тұрғанын хабарлады.

Атап айтқанда, 2021 жылыдң 8 ақпанында "102" пільтіне Диана Адрахмановадан қоңырау түскен. Келіншек азаматтық некедегі бұрынғы күйеуінің пәтерге кіріп, айнасын сындырғанын айтқан.

Содан кейін ол арыз түсіріп, "оны бұрынғы жұбайының заңсыз әрекеттерінен қорғауға және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс бұйрығын шығаруға" өтініш берген. Мұны ол экс-күйеуінің үнемі келіп, жанжал шығарып, өзін агрессивті ұстап, моральді және психологиялық қысым көрсетуімен түсіндірген.

Полицияның хабарлауынша, бұйрық шығарылған. Қостанай қаласының тұрғынына бұрынғы жұбайына жақындауға, онымен телефонмен сөйлесуге және байланыс орнатуға, сондай-ақ физикалық немесе психикалық азап тудыратын немесе тудырамын деп қорқытқан қасақана заңсыз әрекеттерді жасауға тыйым салынған.

Сонымен бірге ер адам пробациялық бақылауда болған, өйткені оны 2020 жылдың 20 қазанында Бостандық аудандық соты Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес бір жылға бас бостандығын шектеген.

2020 жылдың 29 тамызында Диана Абдрахманованың анасы полицияға жүгініп, марқұмның 150 мың теңге көлемінде қарызын қайтармай жүргенін айтқан.

Одан бөлек, қазіргі уақытта Солтүстік полиция бөлімі сапасыз қызмет көрсету және денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша науқастың арызы негізінде марқұмға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қазіргі уақытта Ермек Омаровты өлтірді деген күдікті қамауға алынған.

Еске сала кетсек, Қостанай облысы полиция департаментінің бастшысы Бекет Аймағамбетов Қостанайда ер адамды өлтірді деген күдікке ілінген полиция қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902832-zazaga-tartylgan-qostanaida-policei-oltirgen-er-adam-turaly-derekter-syqty/