Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 700 млрд теңгеден астам ақша шешіп алған

Опубликовано:

Мұғалім зейнетақысы
Фото: pixabay.com

Ұлттық банк басшысы министрлер кабинетінің онлайн-отырысында қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан 700 млрд теңгеден астам ақша шешіп алғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілішісі.

Ерболат Досаев осы сағатқа дейін қанша адамның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақысының бір бөлігін шешіп алғанын және бұл қаражатты қандай мақсатқа жұмсағанын айтты.

"9 наурыздағы жағдай бойынша 138,9 мың салымшының зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу туралы өтініші орындалып, оның жалпы сомасы 721,7 млрд теңгені құрады. Жинақтан ақша алғандардың 99,7 пайызы қаражатты тұрғын үй мәселесін шешу үшін жұмсамақ", - дейді Досаев.

Сонымен бірге 402 азаматтың 936,3 млн теңге зейнетақы жинағы 4 басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына берілді.

Өңірлер тұрғысынан алғанда, зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтанның тұрғындары көбірек алған. Олардың үлесі 62,5% құрап отыр.

Еске сала кетсек, егер біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса, не болатыны хабарланған еді.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге пайдалануға мүмкіндігі бар. Алайда кейде белгіленген уақытта өтініш беруші құжаттарын тапсырып үлгермей, біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана алмай қалуы мүмкін. БЖЗҚ-ның мәліметінше, мұндай жағдайда қаржы зейнетақы шотына қайтарылуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902846-qazaqstandyqtar-bzzq-dan-700-mlrd-tengeden-astam-aqsa-sesip-algan/

pixel