Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте түрмеге телефон жібермек болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: acca.media

Шымкентте колония аумағына телефон жіберуге әрекеттенген ер адам видеоға түсіп қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

9 наурыз кешке белгісіз ер адам қараңғы түскен уақытта өзін ешкім байқамайды деген оймен Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/2 мекемесінің аумағына "тыйым салынған" пакетті жіберуге тырысқан. 

Мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды мекемеге кіргізу әрекетінің жолын кесті.

"Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнында ер адамды ұстады. Оның бұрын сотты болғаны және жасаған қылмысы үшін іздеуде жүргені анықталды. Ал оның түрме ішіне өткізбек болған пакетәнен 3 телефон шықты", – делінген ақпаратта.

Қазіргі кезде тиісті материалдар сотқа жолданды.

Айта кетейік, аталған факті негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы ("қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде отырған адамдарға тыйым салынған заттарды кез келген тәсілмен беруге әрекет жасау") бойынша ескерту жасалады немесе 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Еске салайық, Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон ұйымдастырған күдіктілерді ұстады. Заң бұзушылар әрқайсысы тиесілі өзіне жүктелген міндеттерді орындаған. Біреуі шекарадан заңсыз өткісі келетін адамдарды тапса, келесісі табылған адамды шекарадан жасырын өткізіп отырған. Бүгінгі таңда 2 күдікті қолхатпен босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902847-symkentte-turmege-telefon-zibermek-bolgan-er-adamnyn-areketi-videoga-tusip-qaldy/

pixel