Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанның құрметті азаматы" жобасында өз батырыңа дауыс бер

Опубликовано:

Достойный гражданин
Фото: BI Group

Бүгін "Қазақстанның құрметті азаматы" байқауының жеңімпазын анықтау үшін бүкілхалықтық дауыс беру басталды.

Айта кетейік, елімізде BI Group компаниясының "Қазақстанның құрметті азаматы" жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күннің батырларына басты марапат – Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы пәтер. Байқау айтулы Наурыз мерекесі қарсаңында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен құрылыс холдингінің 25 жылдығына орай өткізілуде. Ақпараттық серіктес – NUR.KZ.

Бірінші кезеңде жобаға қатысуға 2500 – ден астам өтінім түсті. Тәуелсіз сарапшы болған Dauletten қайырымдылық ұйымының өкілдері олардың ішінен 10 номинантты шорт-параққа енгізген болатын.

Барлық финалистер қазірдің өзінде халқымыздың қаһармандары. Олардың әрбірі қоғам дамуына баға жетпес үлес қосып, жанқиярлық әрекет жасап немесе ел үшін маңызды жобаларды жүзеге асырды. Бірақ тек екі үміткер компания атынан берілетін пәтерлермен марапатталады. Жеңімпаздарды халық таңдауы анықтайды.

Дауыс беру смс-сервис арқылы қолжетімді болады. Халық ұялы байланыстың кез келген абоненті арқылы өзіне ұнаған қатысушыға тағайындалған санды тере отырып (1-ден 10-ға дейін), 3698 қысқа нөміріне смс жібере алады. Байқаудың барлық кезеңінде бір телефон нөмірінен тек бір смс (хабарламаның құны 7 теңге) қабылданады.

11-17 наурыз аралығында кандидаттар үшін дауыс беруге болады. 27 наурызда ең көп дауыс санын жинаған екі жеңімпазды Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы пәтерлермен марапаттау өтеді.

Дауыс беру ашық болады – қатысушылардың рейтингі мен дауыс санын жобаның bi-azamat.kz сайтында бақылауға болады.

"Қазақстанның құрметті азаматы" атағына үміткерлер (дауыс беруге арналған цифрларды көрсете отырып):

1 - Асхат Нұрмашев, "Asar Ume" ҚҚ негізін қалаушы, қайырымдылықпен айналысады, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмектеседі. Қозғалыстың мәні – еріктілер халық жинаған қаражат көмегімен тұрғын үйге мұқтаж адамдарға үй салып, үй береді. Жобаның арқасында 85-тен астам отбасы мен 530 бала баспаналы болды.

2 - Тамара Рише, жалғызбасты аналарға арналған баспана басшысы. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып өмірлік қиын жағдайға тап болған отандастар үшін патронат ұйымдастырды. Оның қызметінің арқасында мыңдаған бала жетімдерге арналған мекемелерде емес, туған аналарымен бірге тұрады және мыңдаған әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғалған.

3 - Торғын Әбдіқайымова, қозғалыс дағдыларын жоғалатын "Бұлшықет дистрофиясы" диагнозымен өмір сүреді. Алайда, мүгедектер арбасына байланған Торғын үміт үзбейді – ол 3 кітап жазған (олардың ішінде " Кеш қала!"(Не упускай шанса!) және "Араша" (Да будет вам!), инклюзивті радиода авторлық бағдарлама жүргізеді. Өз жобаларының көмегімен ол қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды қолдайды.

4 - Амантай Байжанов, полиция қызметкері. Өрт кезінде 15 адамды ажалдан аман алып қалған. Сұрапыл боран кезінде ол жүргізушілерге жол көрсетіп, оларды қар құрсауынан құтқарған. Полицияда 2014 жылдан бері жұмыс істейді.

5 - Жайлыбай Келіс, эко-белсенді. Биология ғылымдарының докторы, профессор, академик, ғылым мен елдің дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосуда. Өзінің 84 жасында эко-волонтер болып табылады. Ол жастарда "экологиялық патриотизм" сезімін тәрбиелейді, оқушылар мен студенттер арасында ағаш отырғызу бойынша іс-шаралар ұйымдастырады.

6 - Дамель Мектепбаева, дарынды жас ғалым, биотехнолог, NASA жанындағы университетті бітірген алғашқы қазақстандық. Hoope диагностикалық сақинасын жасаушылардың бірі. Жоғары сынып оқушыларына тәлім береді, оларға болашақ кәсіби қызметін таңдауға көмектеседі.

7 - Надир Омарғазыев. Мектеп оқушысы бола тұра, ерлік жасаған: 4 жасар баланы қақаған қыста мұз боп қатқан құдықтан құтқарып алған.

8 - Рашит Белгібаев. "Білімал" бірегей жүйесін жасаушылардың алғашқыларының бірі. Білім берудегі инноватор, " Білімал. Электронды мектеп"орта білім беру үшін алғашқы және жалғыз отандық жүйені құрған. Бүгінгі таңда – бұл қазақстандық бренд жүйелердің тұтас кешені.

9 - Тұраркүл Назарбаева, 40 жылдық тәжірибесі бар педагог, "Тұран" зейнеткерлерге арналған демалыс орталығының ұйымдастырушысы. Әдетте зейнеткерлік жасқа толған адамдар ешбір іспен айналыспайды, сондықтан орталық қарт адамдарға әлеуметтенуге және белсенді жұмыспен қамтылуға көмектеседі.

10 - Марат Эделханов, дәрігер-реаниматолог. Пандемия кезінде ол қызыл аймаққа алғашқылардың бірі болып кірді және коронавируспен күресетін батырлар қатарында болды. Осы күнге дейін ол өз өміріне қауіп төндіріп, адамдардың өмірін сақтап келеді.

Өз таңдауыңызды жасаңыз! Номинанттар үшін әрбір дауыс маңызды!

*Ақпарат BI Group қолдауымен дайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902865-qazaqstannyn-qurmetti-azamaty-zobasynda-oz-batyryna-dauys-ber/

pixel