Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусьте ел президенті мен билік өкілдеріне тіл тигізген ер адам сотталды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Беларусьте ел президенті Александр Лукашенко мен билік өкілдерін кемсіткен ер адам 1 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның жазуынша, Речицкий аудандық сотында президент Александр Лукашенко мен билік өкілдерін қорлау бойынша сот үкімі шыққан.

"Сот үкімімен айыпталушы М. Беларусь Республикасының президентін көпшілік алдында қорлағаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 368 бабы, 1-бөлігі негізінде оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар ол қызметтік міндеттемелерін орындап жатқан билік өкілдерін көпшілік алдында қорлағаны үшін кінәлі деп танылып, оған Қылмыстық кодекстің 369 бабы бойынша үш айға қамауға алу жазасы тағайындалды", - делінген Беларусь Жоғарғы сотының сайтында.

Жалпы алғанда қылмыстық кодекстің 72 бабына сәйкес, айыпталушыға бір жыл екі ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр. Ол жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейтін болады.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енбеген. Айыпталушы тарап шешімге заңда көрсетілген тәртіп бойынша шағым түсіре алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Беларусьтің Nexta атты оппозициялық бұқаралық ақпарат құралы Александр Лукашенконың байлығына қатысты журналистік зерттеуін ұсынған еді.

Зерттеу авторлары Лукашенконы "пересидент" деп атап, оны Беларусьтың мемлекеттік резиденцияларын жекешелендіріп алды деп айыптаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902914-belaruste-el-prezidenti-men-bilik-okilderin-balagattagan-er-adam-sottaldy/

pixel