Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы жастары" бағдарламасына қатысу үшін жеке кәсіпкерлерге қандай құжаттар қажет

Опубликовано:

Құжаттар
Көрнекі фото: pexels.com

"Отбасы банкі" өзінің Instagram парақшасында "Алматы жастары" бағдарламасына қатысу үшін жеке кәсіпкерлерге қажет құжаттар тізімін жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз (тек мәдениет саласында), онда "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігіңізді бағалау үшін келесі құжаттар дайындау қажет:

  • ЖК тіркеу/қайта тіркеу туралы хабарлама, талон, сондай-ақ ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бар болған жағдайда)
  • Салық органынан берешектің жоқтығы туралы анықтама
  • Соңғы есепті жыл үшін салық есебі (ф.200, ф.240, ф.220)
  • Соңғы есепті жылдағы кірісі көрсетілген кәсіпкерлік қызметке патент
  • Салық органының белгісі бар соңғы есепті жыл үшін декларация (911.00-форма)
  • Шағын бизнес субъектілері үшін соңғы есепті жылдағы оңайлатылған декларация (910.00-форма)
  • Салық төлеушінің - салық есебін тапсырғаны туралы хабарлама
  • Жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар/ЖК және СЗЛ кәсіпкерлік қызметті жүргізу орындары және/немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шарттарының көшірмелері/ бизнес орындары
  • Егер қызметтің түрі лицензиялануға жататын болса, қолданыстағы лицензия
  • Банктік шот бойынша үзінді көшірме
  • Жеке қызметті растайтын қолданыстағы шарттар/келісімшарттар(бар болса)
  • Болған жағдайда кассалық аппараттың деректері
  • Соңғы күнтізбелік 3 айдағы кірістер/шығыстар бойынша жазбалар ( 10), 11), 12), 13) тармақшалардағы құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда ұсынылады).

Одан бөлек, банк қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды талап етуге құқылы екенін еске салды.

Сонымен қатар банк өкілдері барлық құжаттар түпнұсқада ұсынылуы керектігін ескертуде.

Сондай-ақ несие өтінімін берген кезде заем алушы/қосалқы қарыз алушы жұбайының (зайыбының) қатысуы міндетті екенін де есте ұстаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902946-almaty-zastary-bagdarlamasyna-qatysu-usin-zeke-kasipkerlerge-qandai-quzattar-qazet/

pixel