Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында банкет залдарында ас беруге рұқсат берілді

Опубликовано:

аспаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысында банкет залдарына ас беруге рұқсат берілді. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, залда адам саны 50-ден, ал толымдығы 30 пайыздан аспау қажет деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар жаңа қаулыда мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына белгіленген талаптарды орындаған жағдайда ғана рұқсат беріліп отыр. Дегенмен, топтарды біріктіріп іс-шаралар өткізуге рұқсат жоқ.

Сондай-ақ ата-аналарды және еріп жүретін адамдардың ғимаратқа кіруіне рұқсат берілмейді. Ал жалпы білім беретін мекемелерде мектепалды сыныптарға, 1-5 сыныптарға, халықаралық мектептерде 1-7-інші сыныптарға оқуға рұқсат. Алайда әр сыныпта оқушы саны 25-тен аспауы керек.

"Қазіргі таңда біздің облыс "жасыл" аймақта тұр. Осыған орай жаңа қаулыда аймақтағы карантин талаптары жеңілдетілген. Дегенмен, бірқатар шектеулер әлі де бар. Мәселен, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды өткізуге тыйым салынған. Сонымен қатар отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) ұйымдастыруға болмайды.

Яғни, үйде және адамдар көп жиналатын өзге де шараларды өткізуге, букмекерлік кеңселердің, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым жалғасады.

Мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге де осындай шектеу бар", - дейді облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902952-qyzylorda-oblysynda-banket-zaldarynda-as-beruge-ruqsat-berildi/

pixel