Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мектеп мұғалімдерінен төмен": Депутат ЖОО-дағы оқытушылардың жалақысын арттыруды ұсынды

Опубликовано:

Ұстаз88
Көрнекі фото: pixabay.com

Жоғары оқу орны ұстаздарының жұмысы қиын, жалақысы мардымсыз. Осы орайда сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев университет мамандарының еңбекақысын арттыруды ұсынып отыр. Оның айтуынша, жоғары білім ордасындағы қызметкерлердің айлығы, мектеп мұғалімдерінен едәуір төмен деп хабарлайды Астана арнасы.

Бүгінде магистранттан бастап, докторлық атағы бар қызметкерлерге дейін мектептегі қарапайым мұғалімнен төмен жалақы алатындарын мойындайды.

Мәселен, есімін айтудан бас тартқан көкшетаулық педагог айына небәрі 120 мың теңге айлық алатынын айтады. Ол жоғары оқу орнындағы ұстаздардың басым бөлігі, тек ғылымнан қол үзбес үшін аз жалақыға шыдауға мәжбүр дейді.

"Норма времени дегенді өздері бекітеді. Бір ставка 58 кредит болуы керек, ал біз қазір 80 кредит жауып отырмыз. Ал ЕНУ-да 27 кредит. Сонда біз 3 кредитті жауып отырмыз. Ал мектепке барайын десек, қазір ол жақтағы жүйені ұмытып қалдық мысалға", - дейді филология ғылымдарының кандидаты.

Ақылбек Күрішбаев айлықтан бөлек, университеттерге шетелдік тәжірибені қолдану қажеттілігіне тоқталды. Оның сөзінше, білім ордасындағы басқару жүйесін демократияландыру қажет.

"Егер турасын айтатын болсақ, біздің ЖОО-дағы оқытушылық жұмыс бүгінгі күні конвейерлік өндіріске айналып келеді, ал оқытушының өзі әртүрлі есептер, рейтингтер мен ғылыми мақалаларды жариялау бойынша міндеттемелер мен басқа да бұйрық, нұсқауларды үнсіз орындаушыға айналуда", - дейді парламент сенатының депутаты.

Күрішбаевтің пайымынша, қатардағы университеттер оқытушыларының жалақысын, ұлттық жоғары оқу орындарымен теңестіру қажет. Сонда ғана салада әділеттілік орнайды.

Ал министрлік өкілдері аталған бағытта бірнеше жылдан бері жұмыс жүріп жатқанын алға тартты. Соңғы кезде университет қызметкерлерінің жалақсы 27 пайызға артқанын жеткізді.  

"Әр жоғары оқу орындарында әр түрлі подходтары бар. Жүкітемені санау да әртүрлі. Бұл бойынша президенттің тапсырмасы бар. Сондықтан, жұмыс басталып кеткен. Бұл бағытта әлі де жұмыстар жалғасады", - дейді Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры Әділет Тойбаев.

Ғ.Өтемісов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902979-mektep-mugalimderinen-tomen-deputat-zoo-dagy-oqytusylardyn-zalaqysyn-arttyrudy-usyndy/

pixel