RU

Семейлік полиция қызметкерлерінің басы дауға қалды

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желіде Семей полиция басқармасы бөлімшелерінің бірінің бастығы алтын контрабандасымен айналысатын қылмыстық топ мүшелерінің қылмысын жасыруы мүмкін деген аудиохабарлама пайда болды. "Еуразия" бірінші арнасының мәліметінше, аудиожазба селекторлық жиналыс кезінде жасалған болуы ықтимал.

Аталмыш аудиохабарлама Kozachkov offside Telegram арнасында жарияланды.

"Шығыс Қазақстанда алтын ұрлап жүрген топ ұсталды. Бұған құқық қорғау органдары қызметкелерінің қатысы бар болуы әбден мүмкін", – делінген жазбаның сипаттамасында.

Сонымен қатар жазбада ай сайын құны шамамен 400 миллион теңгені құрайтын құрамында алтыны бар руда ұрланғаны атап өтілген. Топтың кейбір мүшелері кінәсін мойындап, тергеу ісіне көмектесіп жатқаны да айтылған.

Сондай-ақ жазбада ұрлықты жүзеге асырудың тетігі, негізгі күдіктілердің ортасы және аталған әрекетті жасырған полиция қызметкерінің анықталғаны айтылған.

"Еуразия" бірінші арнасының журналистері осы фактіге қатысты ішкі істер министрлігіне жүгінген. Алайда ведомство ақпаратты растап, болмаса жоққа да шығармаған.

Айта кетейік, қазір Ақмола облысының полиция департаменті катодтық алтын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Оқиға 2 наурызға қараған түні "Қазақалтын ТКМК" АҚ-да орын алған. Қылмыстық әрекет салдарынан кәсіпорынға 122 млн теңге көлемінде шығын келген.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903012-semeilik-policiya-qyzmetkerleri-dau-damaidyn-ortasynda-qaldy/