Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде моншада "қызмет еткен" 10 жезөкше қолға түсті

Опубликовано:

Сауна в Жанаозене
Кадр : instagram.com/up_janaozen

Жаңаөзенде тәнін саудалаған жезөкшелер анықталды. Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау барысында моншалардың бірінен 10-жуық жеңіл жүрісті қыздарды анықтады деп хабарлайды қалалық полиция бөлімінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы.

Ведомство мәліметінше, тәнін саудалағандардың көбісі Тараз, Шымкент қаласынан келген.

Жеңіл ақша тауып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған әйелдерге қатысты хаттама толтырылғаны белгілі болды.

Сонымен қатар полиция бөлімінде жезөкшелік санатына есепке койылған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тараз қаласы Төле би көшесіндегі сауықтыру кешенінде жезөкше әйелдердің притоны анықталғанын жазған едік. Полиция қызметкерлері ғимаратта әкімші болып қызмет еткен 46 жастағы әйелді қолға түсіргенін мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, Алматыда жеңгетайлықпен айналысқан әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені хабарланған еді.

Олардан бөлек, оңтүстік астанада массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903032-zanaozende-monsada-qyzmet-etken-10-zezokse-qolga-tusti/

pixel