Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Инстаграмдағыдай болмады": Павлодарлық ару гүл сатушысының үстінен арызданды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Baq.kz/chursinov artem

Павлодар облысында бойжеткен гүл сатушысының үстінен арызданды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, Павлодар қаласының тұрғыны полиция бөліміне хабарласып, гүл дүкеніндегі сатушы ақшасын қайтармағанын жеткізген.

"Шақыртуды пысықтаған кезде бойжеткен полицейлерге Instagram арқылы анасына 8 наурызға бағасы сегіз мың теңге тұратын гүл шоғына тапсырыс бергенін айтты. Сатып алу шартына сәйкес тапсырыстың ақшасын алдын-ала төлеген. Белгіленген уақытта гүлді әкелген, бірақ оған ұнамаған. Ару гүл шоқтарының Instagram-дағы фотодағыдай сәнді болмағанын жеткізді", - дейді Павлодар қаласы жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Қаптаев.

Оның сөзінше, полиция қызметкерлерінің араласуынан кейін дау-дамай шешілген. Арызданған бойжеткенге ақшасы толық қайтарылған.

Ал павлодарлық ару басқа гүл шоқтарына тапсырыс бергенін жасырмады.

"Анамды қуанту үшін мен тағы бір гүл шоғына тапсырыс бердім, басқа жерге, алайда анама оны 9 наурызда ғана сыйға тарттым", – дейді бойжеткен.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы гүл дүкенінің флорисі Руслан Мамитов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне дайындық барысы жайында, аруларға қандай гүл сыйлауға болатынын және гүлді қалай күту қажеттігі туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903049-instagramdagydai-bolmady-pavlodarlyq-aru-gul-satusysynyn-ustinen-aryzdandy/

pixel