Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда арнайы операция кезінде шетелдік қылмыстық топ мүшелері ұсталды (видео)

Опубликовано:

Фото
Ұсталғандар. Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті полициямен бірлесіп, арнайы операция өткізді. Олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ (ТҰҚТ) мүшелерінің жолын кескен деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, үш ер адам (екеуі тәжікстандық және бірі Грузия азаматы) қала кәсіпкерлеріне қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға дайындалу кезінде ұсталған.

ТҰҚТ мүшелері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және Қазақстан аумағында жасырын түрде жүрген.

"Айта кету керек, 2019 жылы топ мүшелерінің бірі Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан жауапқа тартылып, елден шығарылған болатын. Ұсталғандар бұрын бірнеше мәрте сотталған және "ұрылар қауымдастығының" әрекетіне қатысы болған.

Олардың бірі екі кісінің өлімі бойынша жазасын Ресейде өтеген. Екеуінің қылмыстық ортада "ұмтылушылар" ("заңдағы ұрыларға" кандидаттар) мәртебесі бар және "заңдағы ұрылар" Азиз Батукаевпен ("Азиз"), Дэвид Герлианимен ("Дато Сван", 2017 жылы ҰҚК жауапқа тартқан) және басқалармен байланыста болған", - дейді ведомстводан.

Ұсталған азаматтардан 2 жауынгерлік тапанша, 1 келте мылтық, оқ-дәрілер, бірнеше суық қару және басқа да қару-жарақ пен қылмыс жасау құралдары табылып, тәркіленген.

ҰҚК-ның мәліметінше, топ мүшелері Алматы қаласындағы тәжік диаспорасының кәсіпкерлеріне тиесілі ломбардтарға, айырбастау пункттері мен тұрғын үйлерге бірқатар қарақшылық шабуыл жасау және ұрлау үшін тұрақты қылмыстық топ құруды, сондай-ақ олардан тұрақты негізде ақшалай қаражат алу үшін оларды "қамқорлыққа алуды" жоспарлаған.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі (қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық кодекстің 392-бабы (Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903059-almatyda-arnaiy-operaciya-kezinde-seteldik-qylmystyq-top-okilderi-ustaldy-video/

pixel