Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК мен ІІМ аса қауіпті трансұлттық қылмыстық топтың көзін жойды

Опубликовано:

Трансұлттық топ
Фото: ҰҚК сайты

2021 жылғы 10 наурызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді деп хабарлайды ҰҚК сайты.

Ұсталған топтың 16 қатысушысына адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шегінен тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау айыптары тағылып отыр.

Қылмыстық топтың құрамына құқық қорғау органдарының әрекеттегі және бұрынғы қызметкерлері кірген.

Ұстау барысында қаскүнемдерден олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақшалай қаражат, материалдық құндылықтар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, алынды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, арнайы операция барысында тағы бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ (ТҰҚТ) мүшелерінің жолы кесілді.

Ведомство мәліметінше, үш ер адам (екеуі тәжікстандық және бірі Грузия азаматы) қала кәсіпкерлеріне қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға дайындалу кезінде ұсталған. ТҰҚТ мүшелері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және Қазақстан аумағында жасырын түрде жүрген.

"Айта кету керек, 2019 жылы топ мүшелерінің бірі Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан жауапқа тартылып, елден шығарылған болатын. Ұсталғандар бұрын бірнеше мәрте сотталған және "ұрылар қауымдастығының" әрекетіне қатысы болған.

Олардың бірі кісі өлтіру (қосарлы) бойынша жазасын Ресейде өтеген. Екеуінің қылмыстық ортада "ұмтылушылар" ("заңдағы ұрыларға" кандидаттар) мәртебесі бар және "заңдағы ұрылар" Азиз Батукаевпен ("Азиз"), Дэвид Герлианимен ("Дато Сван", 2017 жылы ҰҚК жауапқа тартқан) және басқалармен байланыста болған", - дейді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903073-uqk-men-iim-asa-qauipti-transulttyq-qylmystyq-toptyn-kozin-zoidy/

pixel