Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне көліктер кіре алмайтын болды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтан қаласының Урбанистика орталығында қала белсенділерінің, кәсіпкерлердің, шығармашылық өкілдерінің қатысуымен жазғы жаяу жүргіншілер көшесінің жобасы қоғамдық талқылаудан өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Туристерді тартудың жаңа орталығы ретінде жоспарланып отырған Мәмбетов көшесінде функционалды аумақтарды қалай және қайда орналастыру керектігін талқылап, өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.

Урбанистика орталығы өз кезегінде Ә. Мәмбетов көшесін жаяу жүргіншілер үшін жазғы көшеге айналдыруды жоспарлап отыр. Демалыс күндері автокөлікпен жүруге тыйым салынады. Мұнда жол бойында фестивальдер, жәрмеңкелер, қойылымдар өткізілмек. Көшені антиквариат заттар мен гастрономиялық өнімдер сататын, сол сияқты экскурсиялар өткізетін орынға айналдыру ұсынылды.

Жиналған жұрт алдағы кездесуде нақты ұсыныстарын әзірлеп, көшені қызықты дүниелерге бірлесе "толтыру" туралы шешімге келді.

Нұр-Сұлтан қаласы Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен қала тұрғындарымен өткен кездесулердің басты мақсаты – табысты жобаны құру екенін айрықша атап өтті. Елорданың әрбір тұрғыны қаланың тарихи бөлігін қызықтап, шығармашылығынан ләззат алып қана қоймай жаяу серуендеп, жәрмеңкелер мен көшенің өзге де іс-шараларына қатыса алады.

Еске сала кетейік, Мәмбетов көшесінде Шығыс мерекелерін, яғни ұлттық тағамдар фестивальдерін, қолөнершілер жәрмеңкелерін, туристік экскурсиялар мен басқа да ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903086-demalys-kunderi-nur-sultan-koselerinin-birine-kolikter-kire-almaityn-boldy/

pixel