RU

Түркістан облысында пациенті қайтыс болған дәрігер сот алдында келді

Дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында медициналық мекемелердің бірінің қызметкері адам өлімі бойынша сот алдында жауап беріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Сарыағаш аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Дәрігерге Қылмыстық кодекстің 317 бабы, 3 бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкелген медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы) бойынша қылмыстық іс қаралуда.

Айыптау нұсқасына сәйкес, 2019 жылдың соңында кардиолог дәрігер лауазымын атқарған әйел түскен науқастың ауруын дұрыс анықтамаған.

Инфаркт алған науқастың қан қысымын түсірген. Салдарынан пациент қайтыс болған.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Ол марқұмның туыстарының талап етуіне байланысты эксгумация жүргізілмегенін айтады.

Нәтижесінде пациенттің нақты өлім себебі анықталмаған. Айыптау тек кардиолог-дәрігерлердің ауру тарихындағы медициналық құжаттарға сәйкес жасаған қорытындыларына негізделген.

Нормативтерге сілтеме жасаған айыпталушы өлімінің себебін тек медициналық құжаттар негізінде денеге сараптама жасамай-ақ қоюға жол берілмейді дейді.

Сот ісі жалғасуда.

Еске сала кетсек, Алматыда дәрігерлер жұмысында жарақат алып, көзіне сым темір кіріп кеткен ер адамның көру қабілетін қалпына келтірген еді.

Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысында алты адамның өмірін жалмаған жол апатынан тірі қалған науқасқа 10 сағат ота жасалған еді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылдық аурухана дәрігерлері апаттан зардап шеккен адамды тексеру кезінде іштің жабық жарақатын байқаған. Науқасқа медициналық жәрдем көрсетіліп, ем-дом жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903088-turkistan-oblysynda-pacienti-qaitys-bolgan-dariger-sot-aldynda-keldi/