Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жедел жәрдем қатысуымен болған жол апатынан бір жолаушы қайтыс болды

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе-Астрахань тас жолында жедел жәрдем автокөлігі жеңіл көлікпен түйісті. Бес адам зардап шекті, бір адам қаза болды. Бір жолаушының жағдайы ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқыс оқиға 11 наурыз күні таңертең сағат 9:00 шамасында "Ақтөбе-Астрахан" автожолының 74 шақырымында тіркелді.

"Honda CRV" автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласы бағытына бет алған. Жеңіл көлік Мұғалжар ауданы Ақкемір кентінің жанында Темір аудандық ауруханасына тиесілі "УАЗ" автокөлігімен соқтығысқан. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілген "Honda CRV" автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы көз жұмды. "Honda CRV" жүргізушісі мен "УАЗ" жедел жәрдем автокөлігінің медбикесі ауруханаға жатқызылды",- деп хабарлайды ПД-нің баспасөз қызметі.
Жол апаты
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Дәрігерлер аурухананың жансақтау  бөліміне түскен бір жолаушының жағдайы ауыр екенін хабарлады.

"Жол - көлік оқиғасынан бес адам ауруханаға түсті. Екі науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.  1967 жылы туған ер адам сегіз сағаттан кейін көз жұмды. Қазір үш адам біздің ауруханада жатыр. 1992 жылғы жас жігіттің жағдайы ауыр, әлі есін жиған жоқ. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық",- деді Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігері Мейіржан Кенжебаев.

Облыстың полиция департаменті жүргізушілерден жолдарда мұқият болуды, қауіпсіз қашықтықты сақтауды, ауа-райына сәйкес жылдамдық режимін таңдауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903098-aqtobede-zedel-zardem-koliginin-qatysuymen-bolgan-zol-apatynan-bir-zolausy-qaitys-boldy/

pixel