Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда сатушыға қарумен шабуылдаған ер адам полиция қызметкері болып шықты

Жарияланған күні:

Шабуыл
Видеодан кадр: instagram.com/pavlodar.times

Қарулы тонау кезінде сатушы жанқиярлықпен күрескен адам Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкері болып шықты. Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша ол органдарда бір жылға жуық уақыт жұмыс істеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қарақшылық жасағаны үшін ұсталған полицейді жұмыстан шығаруға шешім қабылданған. Аталған дерек бойынша қызметтік тергеу де басталған.

Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар қызметкер ғана емес, Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы мен оның орынбасары да жұмыстан шығарылған.

"Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің және көліктегі полиция департаментінің жетекшілері құрамынан сегіз қызметкерге қатысты тәртіптік сипаттағы шара қолданылды.

Біз өз қызметкерлеріміздің құқық бұзушылығын жасырып қалмаймыз. Керісінше, біздің принциптік ұстанымымызды тек қоғам ғана емес, барлық жеке құрам көруі үшін барынша жария болуын қамтамасыз етеміз", - дейді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш оқиға 5 наурызда болған еді. Бейнебақылау камераларында ер адамның сатушыны тапаншамен қорқытқаны көрінеді. Алайда қыз қорықпай, қарақшыға тойтарыс берген.

Полиция күдікті адамның қолға түскенін хабарлады. Оның бұдан басқа тағы бір қылмысқа қатысы бар болып шыққан еді.

Айта кетсек, Атырауда шағын несие кеңсесіне шабуыл жасап, 400 мың теңгені алып кеткен күдікті ұсталған болатын. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдар жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903109-pavlodarda-satusyga-qarumen-sabuyldagan-er-adam-policiya-qyzmetkeri-bolyp-syqty/