Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, тұман, көктайғақ: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Жарияланған күні:

Бәйшешек
Фото: pixabay.com

Қазақстан аймақтарында 14 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады – кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшейюі күтіледі.

Республиканың қалған өңірлерінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман күтіледі.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел кей жерлерде 15-20 м/с болып, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, түнде және таңертең Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903119-qar-tuman-koktaigaq-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/