Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

300% пайыз кіріс: Алматыда ерлі-зайыптылар Whatsapp арқылы қаржы пирамидасын құрған

Опубликовано:

Whatsapp желісі
Көрнекі фото: Phil Barker/Future Publishing via Getty Images

Алматыда қаржылық пирамидалар танымал мессенджерлерде де құрылады деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Осындай қаржылық пирамидалардың бірі WhatsApp платформасында жұмыс істеген. Оны алматылық ерлі-зайыптылар ұйымдастырған. Анықтау барысында оның Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес екені анықталды.

Жұбайлар қаражатты айналдыру үшін WhatsApp желісінде 218 адамнан тұратын топты құрған. Ақша 1975 жылы туған Е. есімді азаматтың атына ашылған Kaspi Gold картасына жіберілген.

Ұсталғандар әлеуметтік желілерді пайдаланып, қосымша табыс табуға мұқтаж қарапайым азаматтарды тапқан. WhatsAp әлеуметтік желісінің көмегімен қаржылық пирамида құрылған. Капиталды ұлғайту тізбегі әзірленіп, сынақтан өткен. Бастапқы салым 100 мың теңгеден кем емес, ал бірнеше күн ішінде 300 мың теңгеге дейін “салымшыға” қайтарылуы қажет болған. Одан бөлек, ай сайын пайыз төленуі керек еді. Бірақ қаражат аударылғаннан кейін қаскөйлер барлық байланыстарды үзіп тастаған және қаражат қайтарылмаған.

"Азаматтарға үлкен пайдаға кенелтеміз деген бейтаныс адамдарға сенбеуді, белгісіз абоненттерге ешқандай ақша аудармауын тағы бір рет ескертеміз. Қызметтерге төлемді тексерусіз төлемеңіз. Деректеріңізді және банктік картаңыздың мәліметтерін ешкіммен бөліспеңіз",- деді Алматы полициясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903142-300-paiyz-kiris-almatyda-erli-zaiyptylar-whatsapp-arqyly-qarzy-piramidasyn-qurgan/

pixel