Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бірқатар заң қабылдады

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заң қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Атап айтқанда,мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Одан бөлек, "1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

Президентке ОПЕК+ Мониторинг комитеті отырысының қорытындылары туралы ақпарат берілді. Аталған жиында Қазақстан үшін мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге дейін арттыру туралы жеке келісім жасалғаны айтылды.

Мемлекет басшысына инвестициялар тартуды, тұрғындарды жұмыспен қамтуды, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903143-toqaev-birqatar-zan-qabyldady/

pixel