RU

Елімізде 772 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты

тәжвирустан жазылды
Көрнекі фото: 7news.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 772 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты деп хабарлайды Coronavirus2020.kz сайты.

Қауіпті дертті еңсергендердің саны бойынша көш басында Алматы қаласы тұр. Оңтүстік астанада бір тәулік ішінде 211 науқас жазылып шыққан.

Одан кейін тізімде Нұр-Сұлтан қаласы келе жатыр. Елордада өткен тәулікте 84 адам коронавирустан айығып, үйлеріне оралған.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 84

Алматы қаласы - 211

Шымкент қаласы - 9

Ақмола облысы - 69

Ақтөбе облысы - 31

Алматы облысы - 59

Атырау облысы - 1

Шығыс Қазақстан облысы - 20

Жамбыл облысы - 11

Батыс Қазақстан облысы - 49

Қарағанды облысы - 56

Қостанай облысы - 66

Қызылорда облысы - 4

Маңғыстау облысы - 5

Павлодар облысы - 67

Солтүстік Қазақстан облысы - 22

Түркістан облысы - 8.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 205554.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан өсті. Өткен тәулікте республика аумағы бойынша тағы 1002 адам COVID-19 жұқтырып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903165-elimizde-772-adam-koronavirus-infekciyasynan-emdelip-syqty/