Қазақстанда коронавирустан 4 адам қайтыс болды
Опубликовано:

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 4 науқас қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
11 наурыздағы мәлімет бойынша, Алматы қаласында 3 науқас (КВИ+), Жамбыл облысында бір науқас көз жұмған (КВИ-).
Сонымен қатар, соңғы жарияланған мәліметтер бойынша бүгінде елімізде короновирус инфекциясынан 18 658 адам (14 277 КВИ+ және 4 381 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 4 827 пациент стационарда, 13 831 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 235 адамның жағдайы ауыр;
• 44 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөнінде жаңа деректер шықты.
2021 жылғы 11 наурыздағы мәлімет бойынша 55 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 181 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
- Науқастар саны – 49 749
- өлім жағдайлары - 653
- сауығып шыққандар - 44 715 адам.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903173-qazaqstanda-koronavirustan-4-adam-qaitys-boldy/