RU

Тоқаев музыкатанушы Аравинді "Отан" орденімен марапаттады

Тоқаев1
Фото: Alexander Astafyev\TASS via Getty Images

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев музыкатанушы Юрий Аравинді "Отан" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

1Ұлттық мәдениетті және музыка өнерін насихаттау мен дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін музыкатанушы Юрий Петрович Аравин «Отан» орденімен наградталсын.

Осы ;арлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" , - делінген Ақорда хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы шетелдіктерге жерді сатуға біржола тыйым салатын заң жобасын мәжіліске жолдағанын хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, президент бірқатар заңға қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903183-toqaev-muzykatanusy-aravindi-otan-ordenimen-marapattady/