RU

Қазақстанға COVID-19 келгеніне тура бір жыл: Вируспен күрес қалай жүрді

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2020 жылдың 13 наурызында Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы екі дерегі анықталған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

КВИ жұқтырған алғашқы науқастар Алматы қаласынан анықталды. Олар Германиядан жақында ғана елге оралған азаматтар болып шықты. Дәл сол күні коронавирус оңтүстік астананың тағы бір тұрғыны мен Берлиндегі қазақстандық дипломаттың әкесінен расталды.

Бұл жағдайлардан соң, Қазақстанда жалпыхалықтық карантин мен әр облыста жекелей ТЖ режимі енгізілетіні жайлы хабарланы. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында қатаң карантин енгізіліп, қос шаһарға кіріп-шығуды блок-бекеттердің көмегімен шектеп тастады.

Төтенше жағдай режимін алып тастағанымен КВИ жұқтыру қарқыны өсе берді.

2020 жылдың жазында коронавирус инфекциясын жұқтыру мен оның салдарынан болған өлім санының шарықтау шегі орын алды.

Денсаулық сақтау жүйесі науқастардың санына қарсы күресе алмады. Еліміз үшін бұл ауыр кезеңде медицина қызметкерлерінің тапшылығы байқалып, дәріханаларда қажетті дәрмектер жоғалып жатты.

Біздің дәрігерлер көмектесу мақсатында Қазақстанға олардың шетелдік әріптестері келді. Алғашқылардың бірі болып, ресейлік медицина қызметкерлері ұшып келді. Олар жергілікті ақ халаттылармен өз тәжірибесімен бөлісті. Дәл сол уақытта мемлекетте коронавирус белгілері бар пневмонияның эпидемиясы басталып кетті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айының соңында республика аумағы бойынша екінші қатаң карантин енгізуді тапсырды. Ол бесінші шілдеден бастап іске қосылды.

13 шілде күні Қазақстанда коронавирус құрбандарын аза тұту күні болып жарияланды.

Өткен жылдың күзінен бері қауіпті вирус таралуының төмендегені байқалып, шектеулер біртіндеп алынып жатты. Дегенмен, бетперделер, санитайзерлер мен әлеуметтік арақашықтық қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігі болып кетті.

Сонымен қатар, коронавирус ел тұрғындары арасында қызу талқыланатын тақырыптардың біріне айналды.

2020 жылдың соңында Қазақстанда коронавирустан ресейлік вакцинаның өндірісі басталып кетті. Ал бірінші ақпан күні екпе кампаниясы іске көшті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903195-qazaqstanda-covid-19-kelgenine-tura-bir-zyl-viruspen-kures-qalai-zurdi/