Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ұшақ құлады (видео)

Опубликовано:

Алматы маңында ұшақ құлады
Видеодан кадр: Facebook/Татьяна Король

Желіде Алматы маңында құлаған ұшақтың видеосы тарап кетті. Куәгерлердің хабарлауынша, әуе кемесі ҰҚК шекара қызметіне тиесілі. Алайда, бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ. Оңтүстік астана әуежайының баспасөз қызметі ұшақтың құлағанын мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери ұшақ әуежай маңында құлаған.

"Сағат 17:20 шамасында әуежайға қонайын деп жатқан Нұр-Сұлтан - Алматы бағытындағы ұшақпен байланыс үзілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ҰҚК АН-26 ұшағы құлаған. Әуе кемесінің бортында 6 адам болған" , - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Ұшақ ішінде болған жолаушыларға қатысты нақты ақпарат әзірге жоқ. Алайда, кейбір БАҚ өкілдері қаза болғандар туралы хабарлауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903205-almaty-manynda-usaqtyn-qulagany-zaily-aqparat-paida-boldy/

pixel