Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда орын алған ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты

Опубликовано:

Алматыда ұшақ құлады
Видеодан кадр: Әлеуметтік желілерден

Алдын ала мәліметке сәйкес, Алматыда орын алған ұшақ апаты салдарынан төрт адам қаза болып, екі жолаушы зардап шеккен. Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметтеріне сәйкес, 13 наурыз күні сағат 17.25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметі Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы AH-26 әскери ұшағы 17.22-де радардан жоғалып, оңтүстік астана әуежайына апатты жағдайда қонғанын хабарлады.

Оқиға орнында Алматы ТЖД, Алматы облысы ТЖД, әуежай қызметі, ҚР ТЖМ РЖҚЖ, "109" құтқару қызметі атынан 45 адам мен 15 арнайы техника жұмыс істеуде.

Ұшақтағы өрт сөндірілді. Оқиға орнына Алматы қалалық әлеуметтік денсаулық басқармасының 10 жедел жәрдемі барды

"Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақ апатынан 4 адам қаза болып, екі адам зардап шеккен. Олар Алматыдағы 4 қалалық клиникалық ауруханаға жіберілді", - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін 13 наурызда Алматыда әуежай маңында ұшақ құлады. Алдын ала мәліметке сәйкес, әуе кемесі ҚР ҰҚК-не тиесілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903208-almatyda-oryn-algan-usaq-apatynan-4-adam-qaza-tapty/

pixel