Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы маңында орын алған ұшақ апатына қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы ұшақ апатында қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тілеген.

"Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Айта кетейік, бүгін 13 наурызда Алматыда әуежай маңында ұшақ құлады. Алдын ала мәліметке сәйкес, әуе кемесі ҚР ҰҚК-не тиесілі.

Ұшақ апаты салдарынан төрт адам қаза болып, екі жолаушы зардап шеккен. Апатты жағдайда жарақат алғандар бірден ауруханаға жеткізілді.

Оған қоса, оңтүстік астана әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырағандықтан Алматыдан Қазақстанның өзге қалаларына рейстер бөгелуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903214-toqaev-almatydagy-usaq-apatyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel