Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың есімі жария етілді

Опубликовано:

Ұшақ апаты
Кадр: "Хабар 24"

Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды деп хабарлайды "Хабар 24".

Алматыдағы әскери ұшақ апатынан төрт адам қаза тапқан еді. Олар: Аға лейтенант Досжан Баймұратов – 43 жаста, Сержант Евгений Васильков – 34 жаста, Лейтенант Мұхтар Сағынбаев – 26 жаста, Майор Ғабит Барлықбаев – 34 жаста.

Ал Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы AH-26 әскери ұшағының әуе апатына ұшырауынан кейін аман қалған екі адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қаланың ең тәжірибелі дәрігерлері ауруханаға келіп, апаттан зардап шеккен азаматтарға ем-домын жасап жатыр. Екеуіне бас ми жарақаты диагонозы қойылған.

Еске салсақ, Алматыда орын алған ұшақ апатынан 4 адам қаза тапқан еді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына қатысты пікір білдіріп, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тілеген.

"Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Сол арада оңтүстік астана әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырағандықтан Алматыдан Қазақстанның өзге қалаларына рейстер бөгелгені анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903228-almatydagy-usaq-apaty-qaza-tapqandardyn-esimi-zariya-etildi/

pixel