RU

Алматыдағы ұшақ апатына үш жағдай әсер еткен болуы мүмкін

Ұшақ апаты
Кадр: "Хабар 24"

Ұшқыш-нұсқаушы Андрей Будниковтың пікірі бойынша, Алматыдағы ұшақ апатына үш жағдай әсер етуі мүмкін деп хабарлайды "Хабар 24".

Авиация саласының маманы әскери ұшақ апатының ықтимал себептерін атады. Айтуынша, комиссия әдетте үш нұсқаны қарастырып жатады.

"Бұл ұшақ өте сенімді еді. Қазір апаттың дәл себебін айту қиын. Арнайы комиссия мұны анықтай жатар. Үш жағдайда ғана апат болуы мүмкін. Олар әуе кемесінің техникалық жағынан дұрыс болмауы, ауа райының қолайсыздығы немесе экипаждың қателік жасауынан болуы мүмкін", - дейді ұшқыш-нұсқаушы Андрей Будников.

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті болса, әскери ұшақ апатының себептері анықталып жатқанын мәлімдеді.

Еске салсақ, Алматыда орын алған ұшақ апатынан 4 адам қаза тапқан еді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына қатысты пікір білдіріп, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тілеген.

"Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Көп ұзамай, Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903239-almatydagy-usaq-apatyna-us-zagdai-aser-etken-boluy-mumkin/